Екібастұз қаласына қарасты шалғай ауылдарда сайлау учаскелері дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз қаласына қарасты шалғай ауылдарда сайлау учаскелері дайын

05.11.2022

Дауыс беру учаскелерінде Брайль жүйесі, яғни, нүктелі-бедерлі шрифтімен жазылған бюллетендер болуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға барып, өз таңдауларын жасауларына толыққанды жағдай жасалуы керек, дейді Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров. Бүгін ол Екібастұз қаласына қарасты шалғай елді-мекендерге арнайы барып, сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді.

Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Біз шрифт Брайлямен өзіміз жасаймыз. Ал, енді оның ішінде танитындары болса қолданады, танымайтындар болса енді қайтеміз. Бірақ біз міндетті түрде биыл қамтамасыз ететің болдық, жасап отырмыз.

Учаскелік комиссия мүшелері сайлауды әділ және ашық өткізу жөнінде нақты тапсырмалар алды. Олар ешкімге тәуелді емес. Түрлі бұрмалаушылықтарға жол бермей, заңды түрде жұмыс істеуге тиіс. Бесқауға ауылындағы №551дауыс беру учаскесінде 202 адам тіркелген. Биылғы референдумда ауыл халқы 100 пайыз түске дейін өз таңдауларын жасап үлгерді. 20 қарашадағы сайлауда да белсенділік танытады деген үміттеміз, дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Айсұлу Әбішева. Ал, Шідерті кентінде 3,5 мыңға жуық тұрғын бар. №564 учаскеде 1728 адам дауыс беру құқығына ие.

Сансызбай Төлеубаев, Екібастұз қаласы бойынша Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Екібастұз қаласы бойынша 65 сайлау учаскесі тіркелген. Соның ішінде ауылдық аймақтарда 20 учаске бар. Сайлаушылардың бүгінгі күні саны 98655. Сайлау дайындығы былайша айтқанда 100 пайыз дайын. Барлық материал жағынан да, мынау сайлау комиссиялары қазір өзінің кестесі бойынша жұмысын атқарып жатыр.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу