Ресей мұнайының құнына шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мұнайының құнына шектеу қойылды

04.11.2022

«Үлкен жетілік» елдері Ресей мұнайына шекті баға қоюға келісті. «Рейтер» агенттігі өз дерек көздеріне сүйеніп, осындай ақпарат таратып отыр. Ал нақты баға алдағы апталарда белгіленеді.

Бұл қадам нарықтағы тұрақтылыққа және талаптардың сақталуына жағдай жасайды делінген. Бұған дейін Мәскеу ресейлік мұнайдың құнын шектеу туралы шешім қабылдаған елдерге тасымалды тоқтатынын мәлімдеген.  

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу