Атырау облысы: Қиғаш өзеніндегі судың сапасы тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысы: Қиғаш өзеніндегі судың сапасы тексерілді

04.11.2022

Кәріз суымен ластанған болуы мүмкін деп ескертілген Атыраудағы Қиғаш өзенінің сапасында мін жоқ. Ауыз су құрамынан адам өмірі үшін қауіпті қоспа анықталмады.

Ресеймен шектесетін Құрманғазы ауданында жұмыс тобы апта соңына дейін болып, зерттеу жүргізеді. Ал санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары алған 7 сынаманың қорытындысы 1-2 күнде шығуы тиіс.

28 қазан күні Волгаград облысының Ворошилов ауданында кәріз құбыры істен шығып, салдарынан лас су Еділ өзеніне құйылған еді. Қауіптісі сол, Қиғаш осы Еділмен жалғасып жатыр. 57 мың тұрғыны бар ауданда жағдай тұрақты. Ахуал қатаң бақылауда.  

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу