Түркияда тұратын қазақ кәсіпкері Ыстамбұл өндірушілер палатасына кеңесші болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда тұратын қазақ кәсіпкері Ыстамбұл өндірушілер палатасына кеңесші болып сайланды

03.11.2022

Түркияда тұратын қазақ кәсіпкері Ерол Йолжы Ыстамбұл өндірушілер палатасына кеңесші болып сайланды. Тері илеу және пластик заттар өндірумен айналысатын ол 2009 жылы кәсіпкерлер палатасына тіркелген. 2018 жылдан бері осы палатаның пластик өндірушілер комитетінде еңбек етеді.

Ыстамбұл өндірушілер палатасының басшысы мен комитет мүшелерін сайлауда Ерол Йолжы бірнеше үміткер арасынан жеңіп шықты. Айта кетейік, қандасымыз мұндай жауапты қызметке сайланған тұңғыш қазақ кәсіпкері. Ыстамбұл өндірушілер палатасы 1952 жылы құрылған. 55 сектордан тұрады, он екі мыңдай мүшесі бар. Түркиядағы өндірістің 40 пайызын осы палатаға мүше компаниялар өндіреді.

Ерол Йолжы, кәсіпкер:

Осы палатада 55 жұмыс саласында 12 мың адам дауыс береді соның бірі 34 комитет құрылыс пластикалары саласында мен үміткерлерден бірі ретінде осы сайлауға шықтым. Мүшелерінен дауыс алып осы палатада кеңесші ретінде жұмысқа үміткермін. Сектор арқылы мәселелерді комитет ретінде кеңес береміз.

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу