Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданында газсыз қалған ауылдарға көгілдір отын берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданында газсыз қалған ауылдарға көгілдір отын берілді

03.11.2022

Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданында тәуліктен астам уақыт газсыз қалған ауылдарға көгілдір отын берілді. Мамандар бір күн бойы сұйық отын жеткізілетін жоғары қысымдағы құбырдағы ақауды жөндеген. Қазір 9 ауылдағы 1640 абонентке түгелдей газ жеткізілді. Мамандар қысымды реттеу үшін әрбір үйді аралап жұмыс жүргізіп жатыр.

Ал Талдықорған тұрғындары тәуліктен аса газсыз отыр. Құбырдағы ақауды тауып қалыпқа келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Әзірге шағын аудандардың кейбірі ғана көгілдір отынға қосылған. «Қалаға кешке дейін газ толық беріледі»,- дейді жауапты мамандар.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу