Мемлекетке 630 млрд теңге қайтарылды
630 млрд теңге қазынаға қайтарылды. Активтерді қайтару жөніндегі комиссия жұмысының 5 айдағы нәтижесі осындай. Бас прокурор Берік Асыловтың сөзінше, шетелден 400 млн доллар қайтарылған. Кеден саласында заң талаптарын бұзып, жұмыс істеген 10 компанияның әрекеті әшкере болып, 57 млрд теңге өндірілген. Қайрат Сатыбалды шетел асырған, құны 230 миллион доллар тұратын асыл тастар мен зергерлік бұйымдар да елге қайтарылды. Сонымен қатар, оның бағалы қағаздарға салған 300 миллион доллары да жақын күндері мемлекет меншігіне өтеді. Қазіргі таңда комиссия олигополия өкілдерінің пайдасына заңсыз шығарылған сот шешімдерін де қайта зерделеп жатыр.
Зейін Әліпбек, Активтерді қайтару жөніндегі комиссияның ресми өкілі:
Мысалы бүгінгі күні бас прокуратура жоғарғы сотқа кезінде заңсыз шығарылған сот шешімдеріне байланысты 23 қарсылық енгізіп отыр. Ол бойынша сот шешімдерінің жалпы құны 30 млрд теңге. Сонымен қатар 140 мың га жер мемлекет меншігіне өтті. Жалпы құны 5 млрд теңге.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Бүгін спортшылар 4 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 17:19
Абай облысында бір күнде 3 мың тал егілді
25.09.2026, 17:18
Жетісу облысында егін жинау науқаны қыза түсті
25.09.2026, 17:17
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
25.09.2026, 17:14
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07