«Адал сайлау үшін» штабының мүшелері Ақтөбеде колледж студенттерімен кездесті
Сайлауға барып, өз таңдауын жасау – 18 жасқа толған әр азаматтың борышы! «Адал сайлау үшін» штабының мүшелері бүгін Ақтөбеде колледж студенттерімен кездесті.
Студенттерге негізінен сайлау туралы заңнама түсіндірілді. Әсіресе кәмелет жасына толған әр жас өз таңдауын жасауға құқылы. Саналы ұрпақ мұны ұғынып, ел болашағы үшін дауыс беруі керек. Ұжыммен жүздескен заңгерлер сайлау заңдылықтары мен талаптарын, үміткерлерге қойылатын міндеттер туралы жан-жақты ақпарат берді.
Әбдікәрім Ақжанов, «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі:
Біздің заң бойынша 18-ге толған жастар, олардың құқықтары бар. Сайлауға қатысуға. Менімше ол азаматтық борыш, міндет. Жастар 18-ге толып, осы айдың 20-ы күні сайлау учаскесіне барып, дауыстарын беру керек. Алты кандидат қой енді, алты кандидаттың біреуіне дауыстарын бергені дұрыс. Өйткені 100 пайыз сайлау учаскесіне барса, дауыс ұрлау дегеннің, заңнаманы бұзушылықтың жолын жабамыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Өз жерінің елшісі»: Руханият форумы өтті
26.05.2026, 20:59
«Almaty Superski» тау курортын салу жобасы қолдау тапты
26.05.2026, 20:56
Вице-премьер «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңа медиаорталығын аралады
26.05.2026, 20:54
Аида Балаева «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының заманауи медиакешенімен танысты
26.05.2026, 20:22
Тегін дәрі-дәрмек беру тәртібі өзгереді
26.05.2026, 20:09
Қатерлі ісікке қарсы отандық препарат сынақтан сәтті өтті
26.05.2026, 20:07
Биыл жатақхана мәселесі толық шешілмек
26.05.2026, 20:06
Еуропаға 103 жылда болмаған аптап ыстық жетті
26.05.2026, 20:05