Павлодар облысында 200-ге жуық медицина маманы тапшы
Павлодар облысында 200-ге жуық медицина маманы тапшы. Салдарынан соңғы үш жылда диспансерлік есепке алынған сырқаттар саны 6,5 пайызға өскен. Әсіресе жүрек, қан тамыры, қант диабеті және қатерлі ісік ауруы дендеп барады. Ал ең қиыны аймақта балалар ревматологы және ересектерді қарайтын аллерголог жоқ. Науқастар республикалық диагностикалық орталыққа баруға мәжбүр.
Гүлжанат Елтаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының кадр бөлімінің басшысы:
Бүгінгі күні 144 дәрігер қажет. Олардың 37-і стационарларға, 107 маман емханаларда жұмыс істеуі керек. Медицина қызметкерлері шалғай ауылдарда ғана емес, 59 дәрігер Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында, ал 53 дәрігер аудандарға қажет болып отыр.
Дәрігер ғана емес өңірдің кейбір елді-мекендерінде медициналық нысандар жоқ. Мәселен Павлодардың дәл іргесіндегі шағын қала Ақсуға қарасты 9 ауылда фельдшерлік-акушерлік пунктер жабылып қалған. Мәселені түбегейлі шешу үшін алдағы үш жылда облыста 46 медициналық мекеме салынады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18