Заңсыз ауланған 20 тонна балық тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз ауланған 20 тонна балық тәркіленді

01.11.2022

Шығыстағы «Омбы–Майқапшағай» халықаралық тас жолында жүк көлігінен 20 тонна көксерке мен табан балығы тәркіленді. Табиғат қорғау инспекторлары мен полицейлер көлікті тоқтатып тексерген кезде 58 жастағы азамат балыққа қатысты ешбір құжат көрсете алмаған.

Тексере келе су жануарларының браконьерлік жолмен ауланғаны анықталды.Табиғатқа келген шығын 116 млн теңге. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кінәсы дәлелденсе, ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, өңірде 20 қазаннан бастап «Браконьер» жалпы республикалық жедел-алдын алу шаралары өтіп жатыр. 

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу