Алматыда пәтерін заңсыз жалға берген 1200 үй иесі анықталды
Алматыда соңғы бір айда пәтерін заңсыз жалға берген 1200-ге жуық үй иесі анықталды. Қазір бюджетке салық төлемей жүрген тұлғаларды анықтау үшін ведомствоаралық жоспар құрылған. Енді учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үйді жалға берушілердің тізімін жасайды. Көлеңкелі бизнеспен айналысқандарға қанша айыппұл салынады?
Қасымхан Нүсіпқожа Алматыда 60 жылдан аса уақыт тұрады. Ақсақалды соңғы кезде пәтерін айлап, әсіресе тәулігіне жалға беретіндердің әрекеті мезі қылған. Тұрақты көрші болмағандықтан, тыныштық жоқ.
Қасымхан Нүсіпқожа, қала тұрғыны:
Арендаға тапсырғанда қандай адамдарға тапсырып жатыр? Олар өздері де білмейді. Бірден, екіден, үштен квартира алып алғандар ақшаны қуалап, басқа адамдарға тапсырып жатыр. Салық төлей ма? Төлемей ма?
Қазір мегаполисте салық қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесе үйін жалға берушілерді анықтап, тізімін жасауда. Салықтан жалтарғандарға хабарландыру жіберіліп, алғашқысында ескерту жасалады.
Төленді Әубәкіров, қалалық ПД учаскелік полиция инспекторы:
10 күннен бір айға дейін тұрып жатқан азаматтарға бірінші рет ескерту болады. Ал бір айдан асқандарға 7 АЕК есебінде айыппұл салынады.
Алматыда соңғы бір айда пәтерін жалға беретін 2 мыңға жуық адам анықталған. Олардың басым бөлігі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген дейді кірістер департаментінің мамандары.
Айжан Бекеева, Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
Біз хабарлама жібергеннен кейін 72 жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. 300-і бірыңғай жиынтық төлемдерін төлейді. Және 17 жеке тұлға 240-шы нысанды келер жылдың 30 наурызына дейін жеке табыс салығын төлеп, тапсыратын болады.
Осыған дейін елде көлеңкелі бизнеспен айналысқандарға 7 млн теңгеден аса айыппұл салынған. Соңғы 8 айда пәтерін заңсыз жалға берген 4 мыңға үй иесі анықталған. Сондықтан мамандар салықтан жалтармай, кәсібін заңдастыруға кеңес беріп отыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте мемлекетке қайтқан су-спорт кешені әлі қаңырап бос тұр
04.11.2025, 10:45
«Халық заңгері» акциясы аясында 120 мыңнан астам қазақстандық тегін кеңес алды
04.11.2025, 10:40
Заңсыз онлайн-лотерея ұйымдастырған 89 азамат жауапкершілікке тартылды
04.11.2025, 10:35
Трамп саясатын қолдайтын америкалықтардың саны күрт азайды
04.11.2025, 10:30
Ресейде 20 мыңға жуық тұрғын сусыз қалды, бензин тапшылығы ұлғайды
04.11.2025, 10:20
Елімізде астық жинау науқаны аяқталды
04.11.2025, 10:15
Ақтөбеде жол апатынан зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты
04.11.2025, 10:10
Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып жатыр
04.11.2025, 10:05