Халықаралық жиында «Жасыл экономикаға» көшу жолы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық жиында «Жасыл экономикаға» көшу жолы талқыланды

29.10.2022

«Жасыл экономикаға» көшу жолында Еуропалық Одақ елдерінің тәжірибесін қолдану керек. Италия, Германия, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан сарапшылары бас қосқан халықаралық жиында осы тақырып талқыланды.

Мамандар студенттермен кездесіп, жаңа технологияларды дамытудың маңыздылығы мен экологиялық туризмді дамыту бағыттарын айтты. Сондай ақ «Жасыл экономиканы» дамыту үшін кадрларды даярлау, қалдықтарды өңдеу бойынша пікірлерімен бөлісті. 

Серік Мақыш, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ экономика факультетінің деканы:

Ең біріншіден, кадр даярлау мәселесі. Мұны біз жеке секция ретінде қарап отырмыз. Біз дамыған елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, бірлескен білім беру жолдарын қарастырып отырмыз. Соның ішінде Польша мемлекетімен, өйткені оларда көптеген элементтер, негізгі аспектілер жақсы дамыған.

Хабарламаларға жазылу