Қазақстанның SPECA елдеріне экспорты 3,6 млрд долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның SPECA елдеріне экспорты 3,6 млрд долларға жетті

16.11.2022

Биыл Қазақстанның SPECA елдеріне экспорт көлемі 3 млрд 600 млн долларға жетті. Бұл өткен жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 36 пайызға жоғары. Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы бағдарламасына қатысушы елдерге негізінен бидай мен ұн шығарылады.

Бұл жайында Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов «жасыл және қауіпсіз келешек» экономикалық форумында айтты. Халықаралық шара аясында ведомства қабылдаған стратегиялық құжаттар, экологиялық кодекс пен жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы таныстырылды.

Абзал Әбдікәрімов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Әр мемлекет өздерінің жоспарларымен таныстыруда. Жасыл экономикаға көшу, жасыл болашағамыз қалай болады? Қалай атмосферадағы газдарды азайту шаралары жайлы осындай өздерінің жоспарларымен бөлісіп отыр. Тәжірибе алмасып, бір-біріміздің қалай ынтымақтастығымызды арттыру жөнінде уағдаласып жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу