Ресейде ішінара мобилизация аяқталды – Сергей Шойгу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде ішінара мобилизация аяқталды – Сергей Шойгу

29.10.2022

Ресейде ішінара мобилизация аяқталды. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.

Оның сөзінше бұл науқанға 300 мыңдай адам жұмылдырылды. 80 мыңнан астам азамат әскери қақтығыстарға жіберілген. Ал 218 мыңы әскери полигондарда арнайы дайындықтан өтіп жатыр. «Енді мобилизация жарияланбайды»,- деді ведомство басшысы.

Ресей президенті «әскерді ішанара жұмылдыру» керектігін 21 қыркүйекте жариялап, арнайы жарлыққа қол қойған болатын.

Владимир Евсеев, әскери сарапшы:

Кейбір әскери комиссариаттардың жұмысында қателік болғаны жасырын емес. Мәселен, денсаулығы жарамсыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да әскерге шақыру келгені анықталды. Бірақ бұл олқылықтар түзетіліп, қатаң бақылау жүргізілді. Қате шақырылғандардың барлығы кері қайтарылды.


Хабарламаларға жазылу