Нұрлан Әуесбаев Ақмол ауылының тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Әуесбаев Ақмол ауылының тұрғындарымен кездесті

28.10.2022

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев пен жақтастары елорда маңындағы Целиноград ауданына қарасты Ақмол елдімекенінің тұрғындарымен кездесті. Халыққа сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партия туралы толық мағұлмат берді. Жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасты. Жалпы, бұл Нұрлан Әуесбаевтың үгіт-насихат жұмыстарымен барған алтыншы жері. Жоспар бойынша ол алдағы үш күнде Астана қаласы мен Ақмола облысындағы іс-шараларға қатысады.

Нұрлан Әуесбаев, Президенттікке кандидат:
Тұрғындар жақсы көп жиналды 100-ден астам адам болды және сұрақтар да сан алуан болды. Айтылған барлық мәселе бойынша ашық пікір алмасу болды.


Хабарламаларға жазылу