Қазақстан мен Өзбекстан сенаторлары Арал проблемасын талқылады
Арал проблемасының салдарын жойып, өңірдегі жағдайды тұрақтандару керек. Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан сенатының спикерлері Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның үшінші отырысында осы тақырыпқа ерекше екпін берді. Одан бөлек өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен тату көршілікке негізделген байланыс сындарлы және сенімді диалог құруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Жиын аясында тараптар туризмді дамыту, су ресурстарын басқару, Орталық Азия өңірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты бірқатар бағыттар бойынша ұсыныстар кешенін әзірледі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:
Біріккен Ұлттар Ұйымы және барлық әлемдік қоғамдастық Аралдың құрғауын қазіргі таңдағы жаһандық экологиялық проблемалардың бірі ретінде атады. Қазақстан мен Өзбекстан Арал өңіріндегі жағдайды айтарлықтай тұрақтандыруға мүмкіндік беретін тиісті шараларды және жобаларды іске асыруда. Бүгінгі отырыс кезінде біздің депутат әріптестеріміз Арал проблемасын шешу жолында Парламенттеріміз тарапынан атқарылатын бірлескен жұмысқа қатысты тың идеялар мен ұсыныстарын ортаға салады деп үміттенеміз.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17