Батыс Қазақстан облысы Кіші Айдархан ауылына ауыз су желісі тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысы Кіші Айдархан ауылына ауыз су желісі тартылды

28.10.2022

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Кіші Айдархан ауылына ауыз су келді. Елді мекен халқы жылдар бойы құдықтан ащы су ішіп, көрші ауылдардан тасымалдап, тіршілік нәрінен тарығып келген еді. Енді, міне аудандық бюджеттен 4 млн теңге қаржы бөлініп, ауылдық округ азаматтары жұмыс күшін жинап, құбыр тартты. Елді мекенде 160 тұрғын бар. Бастауыш мектеп пен медпункт жұмыс істеп тұр. Кішкентай ауылдың үлкен қуанышы мерекеге тұспа-тұс келді.

Жанұзақ Дүйсенбиев, ауыл тұрғыны:

Елді мекенімізге ауыз су келіп, қуанып жатқан жағдайымыз бар. Ауыз су болмағаннан көп қиындық көрдік. Болашақта мына ауыз су желісі үй-үйге таралса деген үмітіміз бар.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу