Қарақат Әбден Астанада шеберлермен жүздесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарақат Әбден Астанада шеберлермен жүздесті

26.10.2022

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден елордада ұлттық киім тігетін және қолөнер бұйымдарын жасайтын кәсіпкерлермен жүздесті. Жүздесу аясында өзінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, шеберлер қойған сауалдарға жауап берді. Қуантарлығы, қазір түрлі салада дизайнмен айналысатын отандық мамандар да ұлттық нақышқа, ою-өрнекке ерекше ден қойып келеді, - дейді Қарақат Әбден.

Ләйлім Лаврқызы, Тоқыма мектебінің өкілі:
Ұлттық киім, ұлттық қолөнер – ол қазақтың бетпердесі. Қазақтың ұлттық киімдері, әшекейлері, бұйымдары барлығы маған өте жақын тақырып. Себебі біз сол бағытта жұмыс жасаймыз. Өзіміздің ойларымызбен бөлістік. Проблемаларды көтердік. Сұрақ-жауап ретінде жақсы отырыс болды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу