Нью-Йоркте Қазақстан Туы көтерілді
Қазақстанның Республика күнін АҚШ та атап өтті.
Мерекеге орай Нью-Йорк қаласында еліміздің әнұраны ойналып, туы көтерілді. Салтанатты рәсімге Қазақстанның осы шаһардағы бас консулы Раушан Есбулатова мен мегаполис мері Эрик Адамс қатысты. Осылайша, АҚШ шаһары алғаш рет еліміздегі мерекеге орай айрықша құрмет көрсетті.
Эрик Адамс, Нью-Йорк қаласының мэрі:
Қазақстан қауымдастығы біздің қаламызды құрметтейтіндердің қатарында. Біз осындағы бас консулмен көп жылдан бері жақсы доспыз. Бұл өте белсенді қауымдастық. Бизнес ашып, ынтымақтастық нығайтып жатыр. Сіздер білімнің қуатын түсінген елсіздер. Осында Сіздердің туларыңызды көтеру арқылы біз Нью-Йорк қаласының қуаты мен рухын көтереміз. Сіздерге осы қаладағы алуан түрлі мәдениетті насихаттауға үлес қосқандарыңыз үшін рахмет.
Жалғас Алтаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 10:04
IT бағдарламалар экспорты 1,140 млрд доллардан асты
20.10.2026, 10:03
Қала тыныштығын бұзатын көліктерді енді камералар анықтайды
20.10.2026, 10:02