Ұлттық арна қызметкерлері марапатталды
Республика күні қарсаңында Ұлттық арнаның бірқатар қызметкерінің еңбегі бағаланды. «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен «Qazaqstan» телеарнасы директорының орынбасары Шынар Ихсанғалиева мен «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуының продюсері Айзада Жаманқұлова марапатталды. Ал арнамыздың продюсері Болатек Баянхан, дубляж редакторы Нағыз Қапшықбай, «Алтын қор» департаментінің редакторы Лейла Апеева «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін иеленді. Марапатты Ақпарат және қоғамдық даму министрі табыстады.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Марапатталған әріптестерді тағы да шын жүректен құттықтаймын. Оған сіздердің зор үлестеріңіз сіңді. Лайықты марапат иелерін тапты. Басқа да әріптестеріміздің бәрі де марапатқа лайық.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨзбекстанда жылу мен ыстық суға төленетін ақы өсті
29.10.2025, 20:30
Ішімдікке тәуелді жандардың қатары азаймай тұр
29.10.2025, 20:30
Археологияда бақылаусыз лицензияның салдары жойылады
29.10.2025, 20:30
Арқалықта бірнеше полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
29.10.2025, 20:30
Қарағанды - Жезқазған тасжолын жөндейтін мердігер анықталуда
29.10.2025, 20:30
LRT-ның келесі бағыты Қосшы қаласына дейін салынады
29.10.2025, 20:30