Салтанат Тұрсынбекованың штабы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салтанат Тұрсынбекованың штабы ашылды

22.10.2022

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың да республикалық штабы жұмысын бастады. Мұнда үгіт-насихат кезеңінде 10-ға жуық адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, еліміздің 20 өңірінде де кандидаттың штабтары ашылады. Олармен бүгін бейнебайланыс арқылы жиын өткізіліп, алдағы жоспарлар мен сайлауалды бағдарлама пысықталды. Кезектен тыс президенттік сайлауға қатысып жатқан Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанын Ақмола облысының Щучье қаласынан бастауды жоспарлап отыр.

Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке кандидат:
Мен куәлігімді кандидат куәлігімді бір күн алдын алдым. Сол себепті көп жұмыстар өте жылдам жүріп жатыр. Оған енді біздің штабқа кіретін адамдарымыз үлкен түсінікпен қарап отыр. Сол үшін кейде кешке дейін қалуға тура келіп отыр. Бірінші, ертең Ақмола облысы болайын деп тұр.


Хабарламаларға жазылу