Жигули Дайрабаевтың аймақтық штабтары ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жигули Дайрабаевтың аймақтық штабтары ашылды

22.10.2022

Ел президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаевтың аймақтық қоғамдық штабтары жұмыс істей бастады. Олар Қостанай, Шымкент және Семей қалаларында ашылды. Ашылу салтанатына филиал төрағалары мен жастар қанатының белсенділері және жергілікті шаруалар қатысты. Мәселен, Абай облысында барлығы 9 штаб қызметке кірісті.

Айта кетейін, кандидатты қолдау жөніндегі штабтар еліміздің барлық өңірінде құрылды. Айталық, 164 аудан мен 37 облыстық деңгейдегі қалада 220-дан астам штаб бар. Партияның өңірлердегі үгіт-насихат жоспары мен кандидаттың 10 мыңнан астам сенімді өкілі де бекітілді.


Хабарламаларға жазылу