Республика күніне орай Семей өңірінде жаңа мектеп пайдалануға берілді
Республика күні қарсаңында Семейде бірнеше жаңа нысан тапсырылды. Солардың бірі – қала шетіндегі Степной кентінде бой көтерген мектеп.
Жергілікті тұрғындар бүгін білім ошағының салтанатты ашылуына қатысты. Бұл қуанышты ауыл жұртшылығы жылдар бойы күткен. Осыған дейін балалар Семейдің әр жерінде орналасқан білім мекемелерінде оқуға мәжбүр болған. 300 орындық мектеп заман талабына сай салынған. Мемлекеттен 1 миллиард 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.
Сымбат Жұмағалиева, оқушы:
Өте керемет. Жаңа үлгіде, жаңа түстермен жасалған заманауи тұрғыда. Бұрын менің ағаларым, достарым бәрі жан-жақтағы мектепте жүрген болатын. Енді қазір барлығымыз бір мектепте. Өте керемет. Барлығымыз қуаныштымыз осы мектептің ашылуына. Біз көп күттік.
Ырысалды Сексенбаева, ауыл тұрғыны:
Қалаға бара алмай, автобус деген жүрмей, жаяу тасыған күндеріміз болды. Бейнеттің зейнетін көрдік енді, міне, 30 жыл дегенде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы»
20.10.2026, 10:47
Ақтауда теңіздің экологиялық мәселесі түсіндірілді
20.10.2026, 10:14
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
20.10.2026, 10:10
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Ресейде сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06