Биыл дау-даумайлардың 37,5 пайызы сотқа дейін жетпей бітімгерлікпен аяқталды
Биыл дау-даумайлардың 37,5 пайызы сотқа дейін жетпей бітімгерлікпен аяқталды. Бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін көтеру қажет. Бұл мәселе бүгін билік пен өңірлік медиация орталықтары өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде көтерілді. Жиындағылар араздасқан тараптарды татуластыру судьялардың жүктемесін азайтатынын да айтты.
Сондықтан медиацияның қызметі мен жұмысын насихаттау кеңінен жүргізіліп, жеке кабинеттері ашылса деген ұсыныстар айтты. Мәселен, сот істерінің жартысынан көбі медицина саласындағы дау-жанжалдарға тиесілі. Ал елімізде дәрігерлер мен науқастар арасындағы дауларды ізгілік жолмен шешетін кәсіби медиаторлар жетіспейді.
Жанар Үсіпбекова, Халықаралық медиация институтының директоры:
Өзінің міндетін, құқығын білуі керек медиктер. Ол білім болмаса, онда бармайтын еді. Азаяды ғой қылмыстық істер. Қазір бізде өте жоғары болып тұр. Жоғары соттың судьясы айтып кетті - бізде қылмытсық істер медиктерге қатысты көбейіп кетті. Сондықтан күшейтіп, кафедралар ашылса бүкіл медицина университеттерінде азаяды.
Жиын соңында екі тарапты тең қарап тыңдай білетін өз саласының кәсіби мамандары Республика күніне орай алғыс хаттарымен марапатталды.
Ламбриан Топузидис
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы»
20.10.2026, 10:47
Ақтауда теңіздің экологиялық мәселесі түсіндірілді
20.10.2026, 10:14
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
20.10.2026, 10:10
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Ресейде сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06