Халықаралық жылжымайтын мүлік федерациясының өкілдігі Қазақстанда ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық жылжымайтын мүлік федерациясының өкілдігі Қазақстанда ашылды

21.10.2022

Халықаралық жылжымайтын мүлік федерациясының өкілдігі Қазақстанда ашылды. Елордада өткен «Стратегия. Инвестиция. Технология» форумында ұйымның мақсат-міндеті айтылды. Шетелдік меймандар елдегі тұрғын үй нарығының мүмкіндіктерімен танысып, ортақ мәселелерді талқыға салды. Ал жаңадан ашылған федерация филиалы Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығын дамытуға септігін тигізбек. Әсіресе, шетелден инвестиция тартуға мүмкіндіктері зор. Одан бөлек елдегі қаржыгерлер, құрылыс компания өкілдері, сәулетші, дизайнер сияқты кәсіби мамандар мен бизнес өкілдері өзара тәжірибе алмасатын алаңға айналмақ.

Нарек Аракелян "Fiabci international» бас хатшысы:

Біздің өкілдігіміз әлемнің 70 елінде бар. Енді міне қатарға Қазақстан қосылды. Бас кеңсеміз Алматыда орналасқан. Федерация желісін кеңейту мақсатында қосымша білікті кадрларды жұмысқа аламыз. Жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін мамандар үшін бұл үлкен мүмкіндік.

Раушан Сайлау

Хабарламаларға жазылу