Сарапшы пікірі: Жылжымайтын мүлік нарығы құлдырауы мүмкін
Жылжымайтын мүлік нарығы жақын болашақта тоқырауға ұшыруы мүмкін. Сарапшылар осылай дейді. Бұған баспана бағасының негізсіз өсуі себеп. Қазір ол аптасына шамамен үш пайызға көтеріліп жатыр. Бірақ қымбатшылыққа қарамастан сұраныс жоғары. Мұның арты нарықтың құлдырауына әкелуі ықтимал. Қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайға сай, пайызы көп несиені төлей алмайтындар көбеюі мүмкін. Бұл ипотека рәсімдеген банктерге де кері әсер етері сөзсіз.
Ермек Мүсірепов, Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті:
2007-2008 жылдары ипотекалық трендтің зардабын тартқан едік. Жұрт несиесін төлей алмай, қарызын кешіруді сұрап митингілер ұйымдастырғаны есте. Қазір де соған келе жатырмыз. Мұның алдын алу үшін өңірлер мен моноқалаларды дамыту керек. Сонда үй салып, жұртты жұмыспен қамтыса, ірі қалаға ағылатындар азайып, баспанаға да сұраныс төмендер еді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы олимпиада алауы Грекиядан Италияға жеткізілді
05.12.2025, 13:22
Петропавлдық азамат ретро көлік коллекциясын жинайды
05.12.2025, 13:20
Балаева: Волонтерлікті мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты
05.12.2025, 13:17
Павлодарда «Жасыл квиз» іс-шарасы өткізілді
05.12.2025, 13:15
«Жас Сарбаз» қозғалысының құрамы 286 мыңға жетті
05.12.2025, 13:09
Қазақстан контингенті Голан жоталарын минадан тазалауда
05.12.2025, 13:06
Астанада ұстаздар арасында алғаш рет Bridge hub өтті
05.12.2025, 13:03
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына енді
05.12.2025, 10:45