Алматыда республикалық жастар форумы өтті
Еліміздегі тың әрі оң өзгерістерді жүзеге асыруда жастардың рөлі маңызды. Алматыда өткен «Әділ мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам» атты республикалық жастар форумында студенттер бас қосып, көкейде жүрген ой-пікірлерін ортаға салды. Республика күніне орай ұйымдастырылған шараға аға буын өкілдері қатысып, еңбек жолындағы жетістіктерімен бөлісті. Себебі жастарға қазірден дұрыс бағыт-бағдар берілмесе, ертеңгі күні болашақтан зор үміт күту қиынға соғады дейді қатысушылар. Форум аясында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Оларға арнайы дипломдар мен шәкіртақы табысталды.
Батылжан Жеткерген, студент:
Айтылған сөздердің арасында маған ең ұнағаны ол «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деп айтады. Осы сөзді өзіме түйдім. Және осыдан болашаққа көбірек өзіме кеңес аламын.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы»
20.10.2026, 10:47
Ақтауда теңіздің экологиялық мәселесі түсіндірілді
20.10.2026, 10:14
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
20.10.2026, 10:10
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Ресейде сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06