Ресей Украинаның Херсон облысынан тұрғындарды көшіруге кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Украинаның Херсон облысынан тұрғындарды көшіруге кірісті

19.10.2022

Ресей Украинаның Херсон облысынан тұрғындарды көшіруге кірісті. Болжамдарға қарағанда, 50-60 мың адам эвакуцияланады. Сонымен қатар, Мәскеу тағайындаған әкімшілік қызметкерлері де түгелдей Днепр өзенінің сол жағына кетіп жатыр.

Бұған дейін Украинадағы Ресей қарулы күштерінің командирі Сергей Суровкин аймақтағы жағдайдың қиындағанын растады.

Ал, Херсонның Мәскеу сайлаған басшысы Владимир Сальдо Украина әскері шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Соңғы хабарларға қарағанда, Киев күштері Херсонды азат ету операциясын таяу уақытта бастайды.

Айта кетсек, украиналықтар Батыстың озық қаруының көмегімен бұл өңірде ондаған елді мекенді қайтарды. Және де олар Днепр өзенінің үстінен өтетін бірнеше көпірді қиратты. Соның нәтижесінде, қоршалу қаупіне душар болған ресейлік жауынгерлерге азық-түлік пен қару-жарақ және басқа да жабдық жеткізетін жол жабылған.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу