Елордада «QMDB Halal» сертификатын алған отандық және шетелдік өнімдердің көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «QMDB Halal» сертификатын алған отандық және шетелдік өнімдердің көрмесі ашылды

19.10.2022

Елордада «QMDB Halal» сертификатын алған отандық және шетелдік өнімдердің көрмесі ашылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі ұйымдастырған шараға жүзге жуық тауар өндірушілер шақыртылған. Олардың арасында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген кәсіпорындар да бар. Халықаралық аккредитациядан өткен отандық сапа белгісі әлемнің 49 елінде жарамды. Қазір мекеме 1300 астам тауар түрін сертификаттаған. Адал өнімнің түр-түрі қойылған көрмеге қатысушылар бұл кәсіпорындардың арасында тәжірие алмасуға үлкен мүмкіндік дейді.

Айбек Асылғазы, кәсіпкер:

Біздің өндімдеріміз ұлттық тамақтарды қамтиды. Оның ішінде, талқан, жент, бауырсақтар, сосын құттарымыз бар. Қазір біз жаңа өнімді ойлап таптық. Бауырсақтың жаңа түрі ішіне түрлі қоспалар қосылған.

Айбек Аташов ҚМДБ «Халал даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің басшысы:

Бұл тұтынушыларға жағдай жасау деп білеміз. Адал өнімнің барлығын бір жерден алуға жағдай жасау. Адал өнімді насихаттау, халал индустриясының дамуына, көш ілгері болуына жағдай жасау деп білеміз бүгінгі шара.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу