Алматыда «Еуразия аспаны астында» сюитасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Еуразия аспаны астында» сюитасы таныстырылды

15.12.2014
Алматыда «Еуразия аспаны астында» сюитасы таныстырылды

Фортепиано, виолончель, флейтаның үнімен үндескен «Алатау», «Бәйтерек», «Астананың таңы», «Бетпақ дала», «Сүйінші» әндері өнерсүйер қауымды музыканың биік шыңына жетеледі.

«Біз Еуропа мен Азияның ортақ ұқсастықтарын тауып, әлем таныған егемен Қазақстанның бүгінгі толағай жетістіктерін тек ақпарат көзі арқылы емес, музыкамен жеткізгіміз келді», дейді авторлар.

Тәуелсіздік мерекесіне жасалған тартуды халық ерекше ықыласпен қабылдады. 

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу