Сауатты мамансыз саланы серпілту мүмкін емес. Бұл - президентікке үміткер Жигули Дайрабаевтың пікірі.
Жигул Дайрабаев – Жамбыл облысының тумасы. Еңбекпен есейген ер. Жеті жасынан қолына күрек алып, жер қазған. Ауыл өмірі, шаруалардың тірлігі оған етене таныс. Тәжірибесін теориямен ұштастырып, ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Маман ғана емес, мықты ғалым.
Жигули Дайрабаев, Президентікке үміткер:
Сол халық мені тәрбиеледі. Бүгінгі күнге дейін бірталай қызметтің басын ұстадым. Қазіргі Тереңөзек ауылы Жамбыл атындағы колхоз қызыл әріппен жазғандай, есімнен кетпейді. Сөйтіп барып азамат болдық. Елге танылдық. 90-шы жылы колхозшылар Жоғары кеңесінің Парламентіне депутат қып сайлады. Сол парламентте қазақтың біртуар азаматтарымен иық қағысып, көп тәлім-тәрбие алдым. Өміріме көп өзгеріс жасады.
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының драйвері. Жер ананың пайдасын тұтас ел көріп отыр. Сауатты мамансыз саланы серпілту мүмкін емес. Ал Жигули Дайрабаев сондай білікті маманның бірегейі. Есімін ел жақсы біледі. Кәсіби агроном. Зерттеу еңбектерін ел дамуы жолында көпшілік пайдаланады. Ол дала еңбеккерлерінің жанашыры. Жерге қатысты, шаруалардың проблемаларын биік мінберлерден көтеріп, билікке жеткізіп жүр.
Жигули Дайрабаев, Президентікке үміткер:
Әр қазақстандық еңбек ету керек. Масылдықтан кету керек. Еңбек адамына құрмет-қошемет жасауымыз керек. Ол қарапайым малшы ма, егінші ма, құрылысшы ма, жүргізуші ма, қарапайым еңбек адамына мемлекеттік деңгейде қошемет жасалу керек.
Қарапайым қызметкер сан саланы жіті меңгерді. Қоғам қайраткері қазір фермерлер қауымдастығының төрағасы. 3 баланың әкесі, 9 немере сүйіп отыр. Балаларын да, қоғамды да еңбекқорлыққа шақырып жүр. Ол үшін Абай іліміне сүйену керек дейді өзі.
Раушан Сайлауқызы