Еуропалық Одақ Украинаға 500 млн еуро қаржылай көмек бөледі
Еуропалық Одақ Украинаға 500 млн еуро қаржылай көмек бөледі. Бұл туралы Люксембургта өткен Одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің отырысында мәлім болды. Қаржы қару-жарақ сатып алуға және істен шыққан әскери техниканы жөндеуге бағытталмақ. Сондай-ақ, ЕуроОдақ 15 мың украиналық сарбазды қарт құрлық елдерінде оқытуға уағдаласты. Әскери жаттығулар қарашада Польша мен Германиядағы орталықтарда басталып, екі жылға созылмақ.
Жозеп Боррель, Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:
Біздің басты мақсатымыз - Украинаны барынша қолдап, Ресейге қысым көрсету. Себебі, жаһан жұрты қазір осы соғыстың зардабын тартып отыр. ЕуроОдақ елдерінің Украинаның қарулы күштерін оқытып, жаттықтыруды жеке-жеке жүргізгеннен гөрі, күш біріктіруге келіскені де сондықтан.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09