Аралық сайлау АҚШ саясатына әсер етпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аралық сайлау АҚШ саясатына әсер етпек

17.10.2022

АҚШ Конгресіне аралық сайлауға санаулы күндер қалды. Бұл саяси науқанға қазір тек америкалықтар ғана емес, бүкіл әлем назар тігіп отыр десе де болады. Өйткені, алпауыт елдегі саяси жағдайдың өзгеруі дүние жүзіне әсер етпей қоймаса анық. Сарапшылар қазірдің өзінде демократтар парламеттегі басымдығынан айырлып қалуы мүмкін деп болжап отыр.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

Қарашаның сегізі күні өтетін сайлау елдің алдағы екі жылдағы бағытын анықтайды. Халықтың қолдауына ие болған депутаттар американың ішкі және сыртқы саясатына тікелей әсер етпек. Себебі, өкілдер палатасының барлық төрт жүз отыз бес мүшесі және жүз сенатордың үштен бірі саяси додаға түседі. Яғни, аралық сайлау алдағы екі жылда Конгресті кім бақылайтынын анықтап қана қоймайды әрі 2024 жылғы президенттік сайлауға дайындық болмақ.

Демократтар қазір аз да болса да конгрестің қос палатасында да басымдыққа ие. Бірақ, бұл жағдай өзгеруі бек мүмкін. Кейбір болжамдар демократиялық партия Сенатта ықпалын сақтап қалса да, Өкілдер палатасындағы көп орыннан айырады дейді. Жалпы, АҚШ та билеуші партияның аралық сайлауда жеңілуі жетпіс жылдан бері жалғасып келе жатқан қалыпты үрдіс.

Линдсай Кормак, саясаттанушы:

Тарих әдетте президенттер сайлаудан кейін Конгрестегі біраз жақтасынан айырылатынын көрсетеді, Дональд Трамп кезінде де Обама тұсында да солай болды. Тек 11 қыркүйектен кейін заң шығарушы органда өз партиясының басымдығын сақтап қалған президент Буш қана. Бұл жолы жағдай басқаша өрбісе қызық болғалы тұр. Демократтар Сенатты тіпті Өкілдер палатасын да ықпалында ұстап қалуына негіз бар.

Сарапшының ойынша, бірінші негіз республикашыл штаттар жасанды түсікке заң жүзінде тиым салып жатыр. Оған наразылық ретінде күнде шеруге шығып жүрген әйелдер енді аралық сайлауға белсенді қатысуы мүмкін. Екіншіден, демократ Байден әкімшілігі халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған маңызды заңдарды қабылдап үлгерді. Үшіншіден, Трамптың үстінен бір емес, бірнеше қылмыстық істің қозғалуы республикалық партия беделіне әсер етпей қоймасы анық. Десе де консерваторлар сайлауда жолы болып, конгресті қолына алса, бұл Дональд Трампқа президенттік сайлауға қайта түсуіне мүмкіндік бермек.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

Осылайша саяси науқан Байден үшін үлкен сынақ, ал, Трамп үшін тағы бір шанс болмақ. Әсіресе, экс-президент конгресте ықпалын күшейтуге барын салары анық. Себебі, сайлауда республикашылар басымдыққа ие болса, прокурорлар мен депутаттар тарапынан тергеуге тартылып жатқан Трамп үшін бұл жазадан жалтарудың төте жолы болмақ.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу