Қырғыз театры «Еңлік-Кебек» спектаклін Түркістан қаласында сахналады
Қырғыз театры Түркістанда! Тоқтоболот Абдумомунов атындағы «Қырғыз» ұлттық академиялық драма театры Түркістан қаласына гастрольмен келіп, «Еңлік-Кебекті» сахналады. Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған классикалық туындының қоюшы-режиссері – Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Назым Мендебаиров. Оның айтуынша, бұл қойылымның жүгі ауыр. Әрі театр ұжымы үшін үлкен сын. Қараңғы сахна төріндегі қойылымның желісі – махаббат жайлы. Еңлік пен Кебектің махаббат жолындағы күресі мен кейіпкерлердің образдарын әдемі сомдаған қырғыз актерлері, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Назым Мендебаиров, Т. Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі:
Бұл енді Түрксойдың, жалпы Түркі дүниесінде биыл Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы деп белгілегендіктен болып жатыр. Одан кейін біз қазан айында Алматыға, Астанаға, одан соны қараша айында Астанада, Қарағандыға барамыз деген ойдамыз.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01