Елде таксимен жүру қымбаттай түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде таксимен жүру қымбаттай түсті

14.10.2022

Таксимен жүру де қымбаттай түсті. Ranking сараптау орталығы ұсынған дерекке сәйкес, елімізде бір жылда такси бағасы 9% көтерілген. Қызмет құны әсіресе Жетісу облысында бірден 37 процентке шарықтаған. Антирейтингідегі екінші және үшінші орынды Алматы мен Абай облыстары иеленді. Мұнда баға 28 және 21 пайызға көтерілген. Өзге өңірлерде айтарлықтай өсім жоқ. Ал жыл басынан бері такси бір жарым миллиадқа жуық жолаушы тасымалдаған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 6 пайызға көп.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу