Трансформация жөніндегі Астана мәлімдемесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансформация жөніндегі Астана мәлімдемесі жарияланды

14.10.2022

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің трансформациясы жөніндегі Астана мәлімдемесі жарияланды. Құжатта кеңес ынтымақтастығының негізгі бағыттары көрсетілген. Қайта құру үдерісіне сәйкес, ықпалдастықтың ұйымдық және институционалдық негізі нығайтылатын болады. Ұйым мен оған мүше мемлекеттердің серпінді, әділ, жан-жақты және теңгерімді экономикалық өсуіне, байланыстарына, әлеуметтік және мәдени дамуына басымдық беріледі. Кеңес қауіпсіз және гүлденген өңірге қол жеткізу үшін ортақ мәселелерді бірлесе шешуге күш салады. БҰҰ Жарғысына сәйкес, дауларды бейбіт жолмен шешуде ұжымның жұмысы ширай түседі. Қабылданған шешімдердің бірі – Азия кеңесі Хатшылығының Атқарушы директоры бұдан былай Бас хатшы деп аталатын болды.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу