Балқашта 17 мың бөтелке арақ тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта 17 мың бөтелке арақ тәркіленді

13.10.2022

Балқашта полиция қызметкерлері контрафакталық арақтың 17 мың бөтелкесін тәркіледі.Мейрамханалардың бірінің қоймасында ішімдік заттары сақтаулы тұрған. Тінту жұмыстары барысында полиция қызметкерлері 852 қорап алкогольдік ішімдіктің сыртына жалған есептік-бақылпу номері жапсырылғанын анықтаған. Бұл іске күдікті ретінде 25 жастағы азамат ұсталды. Сондай-ақ, оның үйіне жүргізілген тінту кезінде аңшы шолақ мылтығы табылды. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу