Еуропаға газ тасымалдайтын Дружба құбырының Польшадағы бөлігінен ақау табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаға газ тасымалдайтын Дружба құбырының Польшадағы бөлігінен ақау табылды

12.10.2022

Ресейден Еуропаға газ тасымалдайтын Дружба құбырының Польшадағы бөлігінен ақау табылды. Осыған орай, оның зақымдалған солтүстік желісі уақытша жұмысын тоқтатты. Бұл магистраль арқылы ресейлік шикізат Германияға жіберіледі. Ал құбырдың Чехия, Словакия, Венргия арқылы өтетін екінші желісі қалыпты жұмыс істеп тұр. Польша билігі мұнайдың төгілуіне диверсия себеп болуы мүмкін деген болжамдарды жоққа шығарды. Бұған қоса, үкімет өкілдері апаттың себептері анықталып жатқанын мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу