Ресейден Еуропаға газ таситын құбыр жұмысы тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейден Еуропаға газ таситын құбыр жұмысы тоқтады

11.05.2022

Украина бүгін өз аумағы арқылы Ресей газын Еуропаға жеткізетін құбырды жапты. Оның салдарынан «Газпром» компаниясы Украинадағы транзиттік әлеуетінің үштен бір бөлігінен айырылды. Киев болса, бұл қадамға Мәскеудің әрекеті себеп болғанын айтады. Елдің газ желісі операторы өкілдерінің сөзінше, Ресей әскері Украина арқылы тасымалданатын газды Донбасстың шығысындағы сепаратистік аудандарға бағыттап жатыр. Украина «Газпромға» транзитті «Суджа» өткізу пунктіне ауыстыруды ұсынды. Дегенмен ресейлік компания бұл технологиялық жағынан мүмкін емес деп мәлімдеп отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу