Азық-түлік қорын құру жөніндегі арнайы бағдарлама әзірленбек. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйым мүшелері бүгін баспасөз брифингінде осылай деді. Кеше Туннис Республикасында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының V Бас Ассамблеясы өтті. Жиында Қазақстан тарапы азық-түлік өнімдерін тасымалдау бойынша көлік-логистикалық инфрақұрылымға қатысты мәселелерді реттеу жөнінде ұсынысын білдірді. Одан бөлек, көп елдер үшін ауыз су мәселесі өзекті проблемаға айналып барады. Мәселен, Ұйым Ауғанстандағы ауыз суға зәру аймақтарға су тазартатын құрылғылар орнатқан. Африкадағы азық-түлік тапшылығы мәселесін реттеуге қатысты ұйымның жоспары ауқымды. Десе де, азық-түлікті тұтынып қана қоймай, оны өндіру, жаңа технология енгізу, ғылыми және ноу-хау жобалар ұсыну маңызды. Ұйымның басым бағыты да осы. Ассамблея жиынында бірнеше халықаралық ұйыммен ынтымақтаса жұмыс істеу мақсатында 54 меморандумға қол қойылған. Айта кетейік, ұйым Қазақстанның бастамасымен құрылған болатын. Қазір оған 37 ел мүше.
Дәулет Ембердиев, АҚИҰ Халықаралық қарым-қатынастар және гуманитарлық көмек көрсету департаментінің директоры:
Меморандум әртүрлі. Мысалы, бір ұйымдар бар, ауыл шаруашылығымен айналысады. Бір ұйымдар тамақтың халал болуын қадағалайды. Арнайы меморандум бар. Азық-түлік қауіпсіздігін бірлесе отырып шешу керек. Өзіңнің шекараңды жауып алып отыруға болмайды. Мысалы, тек бір елді ауыл шаруашылығы дәмдерін өсіру мүмкін емес қой. Сондықтан нарық талаптарын ескере отырып даму керек.
Раушан Сайлауқызы