Түркістанда Еуразия археологиясының V конгресі басталды
Бүгін Түркістанда Еуразия аймағындағы археологтардың V халықаралық конгресі басталды. Елімізде тұңғыш рет өтіп отырған форумға әлемнің 28 елінен ғалымдар келген. Басқосуда осы саладағы ғылыми қауымдастық өкілдерін бір арнаға тоғыстыра отырып, Еуразияның ежелгі және ортағасырлық тарихын зерделеу, өзекті мәселелерді шешу жайы сөз болды. Тарихи-мәдени мұраны сақтау оны насихаттап, зерделеудің негізгі жолдары да талқыланды. Конгресс үш күнге созылады, қорытындысы бойынша ортақ резолюция қабылданбақ.
Шода Шинья, Нара Жапон ұлттық мәдени құндылықтарды зерттеу институтының ғалымы:
Осындай басқосуларда археолог ғалымдар үшін Еуразияның ежелгі және ортағасырлық тарихының өзекті мәселелерін шешу үшін ой мен күшті біріктіру қашанда маңызды. Әлемдік ғылыми қауымдастықтың бірлесе қимыл жасауы арқылы археологияның, сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу үшін ортақ пікірлер айтамыз. Тәжірибе алмасамыз. Бұл конгресстен көп нәтиже күтеміз.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01