Шымкент қаласында битум тапшылығына байланысты 25 нысанда құрылыс жұмыстары тоқтап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында битум тапшылығына байланысты 25 нысанда құрылыс жұмыстары тоқтап қалды

12.10.2022

Шымкент қаласында битум тапшылығына байланысты 25 нысанда құрылыс жұмыстары тоқтап қалды. Салдарынан 12 шақырым жол әлі толық төселіп бітпеген. Оның дені қаладағы ішкі орамдық көшелер. Мердігерлер биылғы жылы жөнделуі тиіс болған жолдардың астыңғы қабатына асфальт төсегенімен, үстіңгі бетіне қажетті құрылыс материалын таба алмай отыр. Аймақта битум өндірісмен бір ғана кәсіпорын айналысады. Зауыт тәулігіне 1 мың 250 тонна битум шығаруға қауқарлы. Алайда әлі күнге 40 пайыз өндіріс қуатымен жұмыс істеп тұр. Өйткені шикізат жеткізе алмайды. Оған қажетті материал бұған дейін Ресей мемлекетінен жеткізіліп келген.

Өмір Қалыбаев, Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы:

Мәселенің шешілу жолы министрлікпен, комитетпен тағыз байланысты деп отырмыз. Күнделікті жиналыстар ұйымдастырылуда. Әр компанияға қанша битум қажет соның ақпарын беріп отырмыз. Өзіміз тараптан битум тасымалдаушы трейдерлермен байланыстамыз.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу