Павлодарда Аналар кеңесінің ортырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Аналар кеңесінің ортырысы өтті

11.10.2022

Еліміздің өркендеуі жолында жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беріп, жаңаша еңбек етуге баулуға міндеттіміз ,-дейді Павлодар облыстық аналар кеңесінің мүшелері. «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» жобасын іске асыру мақсатында-- Достық үйінде өткен кеңеске-- этномәдени бірлестік өкілдері де қатысты. Жер бетіндегі кез-келген халықтың ұлт болып ұйысуы, дербес мемлекет болып қалыптасуына-- әйел-аналардың сіңірген еңбегі зор. Әсіресе ұрпақ тәрбиесінде оны дүниеге алып келген ананың ықпалы тіптен ерекше. Мәселен, тектіліктің түп негізінде ұлттық тәрбие деген ұғым басты орында тұр. Болмысынан бекзат, тумысынан текті халқымыздың бала тәрбиесіне қатысты тәжірибелері-- мемлекеттік бағдарламаларда да көрініс тауып отыр.

Рымкеш Сләмбекова, Ақсу қалалық аналар кеңесінің төрайымы:

Президентіміздің «Мәдениетті ұлт-мәдениетті ана» атты жобасы бізге кереметтей бір өзіміздің жұмысымызды жүйеге келтірген сияқты. Өйткені, мәдениетті ана ғана мәдениетті ұлтты тәрбиелей алады. Ең бірінші патриоттық сезімді ояту, екінші еңбексүйгіштікке баулу, одан кейін балаларды білімге ынталандыру. Осы үш бағытта біз аналар кеңесі де дұрыс жұмыс істеуіміз керек.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу