Қазақ күресін кеңінен дәріптеп, болашақ барыстарды шыңдауға бағытталған турнир елімізде алғаш рет Сыр өңірінде ұйымдастырылды. Оған 30 балуан қатысты. Бозбалалар бозкілемде барын салып, белдесулер талас-тартысқа толы болды. Жарыс нәтижесімен, қызылордалық Исламбек Баймулдаев үздік үштікке еніп, «қола белбеуді» иеленсе, жаңақорғандық Дінмұхаммед Ержанов күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал жауырыны жер иіскемеген қармақшылық Әлихан Әлиасқаров «Бала барыс» турнирінің алғашқы жеңімпазы атанды. Ұйымдастырушылар енді бұл бәсекені дәстүрге айналдырып, республикалық деңгейде өткізбек.
Дінмұхаммед Ержанов, «Бала барысы» турнирінің күміс жүлдегері:
Бала барысы осы Қызылорда облысы бойынша бірінші рет болып жатыр. Бірінші рет қатысып тұрмын. Жарыс өте жақсы басталды. Сәл қобалжу болмаса. Мен бұл күресті 11 жасымнан бастадым. Ағайыма рахметімді айтамын. Әр жарыс сайын көмегін беріп отырды, осы жарысқа әбден дайындады.
Әділбек Серікұлы