Қазақстан Иранға тауар жеткізу көлемін арттыруға дайын. Бұл жөнінде ел Премьер-Министрі Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесуінде айтты. Тараптар екі жақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 85,1 пайызға өсіп, , 441 млн долларды құрады. Қазіргі уақытта Қазақстаннан Иранға экспорт 154 тауар позициясы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте Үкімет осы тізімді кеңейту жөнінде ұсыныс дайындауда. Мәселен, ауыл шаруашылығы тауарларын өзара жеткізу, көлік-логистика саласы, транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері пысықталып жатыр. Сондай-ақ Премьер министр Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйін, өнеркәсіп және мұнай-газ салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.
Раушан Сайлауқызы