Қ.Өскенбаев: Жалға берілетін баспана нарығын реттеу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Өскенбаев: Жалға берілетін баспана нарығын реттеу керек

04.10.2022

Министр Қайырбек Өскенбаев жалға берілетін тұрғын үй нарығын реттеу жолын ұсынды. Оның сөзінше бұл саладағы шарықтаған бағаны әкімшілік реттеу арқылы түсіру - өнбейтін іс. Бұл мәселені тек экономикалық шешіммен реттеу керек. Министр нарыққа өзгеріс енгізіп, компания құруды ұсынды. Осылайша кез-келген адам оның акциясын сатып алып, заңды түрде тұрақты табысқа ие болатынын айтты.

Қайырбек Өскенбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Біз инвестиция тартуға және тұрақты жалға беруден түсетін табыс көзіне ие бола алатын жеке жалдамалы тұрғын үй нарығын құру бойынша өз ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Бұл жалға берілетін жылжымайтын мүлікпен айналысатын акционерлік қоғам. Ол кәсіпорын адамдарға жылжымайтын мүлікке инвестиция салу және жалдау ақысын алу арқылы тоқсан сайынғы кірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу