Түркістан облысында оқушылар апатты мектепте оқуға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында оқушылар апатты мектепте оқуға мәжбүр

03.10.2022

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 400-ге тарта оқушы апатты мектепте оқуға мәжбүр. Өндіріс ауылында өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынған білім ұясы талапқа мүлде сай келмейді. Төбесін ағашпен тіреп қойған ғимарат құлаудың аз-ақ алдында тұр. Терезесі шытынаған соң, полиэтиленмен жапқан. Кабинеттер жабдықталмаған. Тіпті балалар ойнайтын спорт алаңдары да жоқ. Ауладағы құбырдан су ақпаған соң, балалар ішетін суды өзімен алып келеді.

Арыстан Сманов, мектеп директоры:

Спорт зал жоқ. Асхана жоқ. Интерактивті тақта да жоқ.

Қазір өңірде төрт апатты мектеп бар. Тағы үш ауысымды 11 білім ошағында балалар оқып жатыр. Сала басшылары олардың мәселесі кезең кезеңімен шешіледі деп сендірді. Ал, Өндіріс ауылындағы мектеп жөндеуге жатпайды. Тек жаңа білім ошағы салынса ғана өзекті проблема шешімін таппақ.

Асан Үсіпәлиев, Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы:
Ғимарат өте ескі. Саманды кірпіштен салынған. Бұған күрделі болмаса ағымдағы жөндеуге қаржы қоя алмаймыз. Қыс айларында тасымал ұйымдастырып, Тұрбат ауыл округінде бұдан басқа мектептеріміз бар. Соған тасымал ұйымдастыруға дайын тұрған жағдайымыз бар.

Айнұр Ақбаева  

Хабарламаларға жазылу