Елордада ІV халықаралық композиторлар байқауы басталды
Елордада ІV халықаралық композиторлар байқауы басталды. «New Music Generation 2022» деп аталатын музыкалық додаға әлемнің 40 елінен 170 өнерпаз қатысуға ниет білдірген. Олар ұсынған 300 ден астам туындының үздігін шетелден келген ең атақты, тәжірибелі композиторлар анықтайды. 35 жасқа дейінгі азаматтар бақ сынайтын байқау - заманауи академиялық музыканы насихаттап, жас композиторларды қолдауға мүмкіндік береді. Конкурс алдағы төрт күнде онлайн форматта өтеді. Ерекшелігі сол барлық қатысушылардың есімі әзірге белгісіз, яғни құпия сөз арқылы қатысады. Жеңімпаздардың есімі 7-қазан күні белгілі болмақ.
Рахат-Би Әбдісағин, қазылар алқасының төрағасы, көркемдік жетекші:
Бұл үлкен дәреже. Өйткені Бүкіл дүниежүзі осы конкурс арқылы біздің мемлекетіміз Қазақстанды біліп жатыр. Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Америка, Шығыс елдері Қытай Жапония, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен де қатысушылар бар.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17