Үкіметте де су саласының материалдық техникалық және кадрлық әлеуетін нығайту жайы талқыланды. Премьер-министрдің айтуынша еліміздің су ресурстарын басқару тиімділігі төмен. Оны арттыру үшін жауапты ведомстваның құрылымын қайта қарап, бассейндік инспекторлардың жұмысын жетілдіру керек. Сондай-ақ ғылым мен білімге де ерекше мән берілуі тиіс. Онсыз бұл саланы дамыта алмаймыз деді премьер. Смайыловтың айтуынша кадрларды даярлау кезінде заманауи кәсіби стандарттарды енгізуге баса назар аудару қажет.
Досжан Маратұлы