Қазақстан халқының ассамблеясы бірқатар азаматты марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқының ассамблеясы бірқатар азаматты марапаттады

14.12.2021

Қазақстан халқының ассамблеясы еліміздің ең басты мерекесі қарсаңында бірқатар азаматты марапаттады. Қайырымдылық керуені форумында мұқтаж жандарға қол ұшын созған азаматтардың еңбегі еленіп, «Жомарт жан» медалі табысталды. Ал ұлттар арасындағы достықты дамытуға белсенді үлес қосқандар кеудесіне «Бірлік» төсбелгісін тақты. Түрлі салада жемісті еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген азаматтарға арнайы мерекелік медаль ұсынылды. Еліміздің бірлігі мен ынтымағын бекемдеуге қызмет етіп жүрген белсенділер де ұмыт қалған жоқ.

Шаймардан Нұрымов, Республикалық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы:

Арқанмен бізді байлап тұрған бұл мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сол үшін бәріміз қазір, кім болмайық, қай этностан болмайық қазақ тілін үйренуге аса зор махаббатпен кірісті деп айтсам артық айтпағаным шығар.


Хабарламаларға жазылу