Қызылорда облысында жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқығын шектеген 53 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Шағым түсірген бизнес өкілдерінің құқығын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен прокурорлар қорғап, заң аясында көмек көрсеткен. Мәселен, егін шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің келісім-шартына «Қазсушар» мекемесі 700-ден астам заңсыз норма енгізген. Сондай-ақ, әкімдіктер коммерциялық мақсаттағы жер телімдерін заңда көзделген 3 жыл мерзімге емес, тек бір жылға рәсімдеген. Бүгінде прокурорлармен 88 акті өзгертіліп, кәсіпкерлердің пайдасына 1,9 миллион теңге өндірілді.
Нұрболат Дүйсенбаев, облыс прокурорының орынбасары:
26 заң бұзушылықты жою туралы ұсыным енгізілді. Бұл бойынша 50-ден астам тұлға әр түрлі жауапкершілікке тартылды. 1700-ге жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды.